Елорда тұрғындары мен қонақтарына 40 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

7 Мамыр 2021, 20:47
3075
Бөлісу:
Елорда тұрғындары мен қонақтарына 40 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына 40 мың жеңіс лентасы мен төсбелгі таратылады, деп хабарлады «Хабар 24». 

Мұндай бастаманы Нұр-Сұлтан қаласының жастары көтерген. Ұсыныс қалалық әкімдіктен қолдау тапты. Белсенді жастар париоттық акцияны бүгін бастап кетті. Мерекелік сыйлықты үлестіру адам көп жүретін бес орында өтеді. Жастар қас қарайғанша жеңіс лентасы мен төсбелгіні 10 мың адамға табыстауға ниетті. 

Осы акция бүкіл қала бойынша жүріп жатыр. Шамамен 100 белсенді жастар Ұлы отан соғысының жеңісіне орай арнайы төсбелгілерді парктер, скверлер осы жерлерде таратып жатыр, - деді волонтер Асылжан Бүркіталин.



Өзгелердің жаңалығы