Елордада оқушылар шеруі өтті

1 Маусым 2019, 12:09
2553
Бөлісу:
Елордада оқушылар шеруі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай бас қалада оқушылар мен студенттердің мерекелік шеруі ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мерекелік шараға елорданың 117 білім беру мекемесінен 8 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері қатыты.

Осымен үшінші жыл ұйымдастырылып отырған шерудің биылғы ерекшелігі қатысушылар санының жылдағыдан көп болуы. Айтулы шараның құрметті қонағы ретінде ҚР Парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева қатысты. 

«Бүгін бүкіл әлем, оның ішінде біздің еліміздің барлық жерінде балалар күні мерекесі тойлануда. Ал сіздерге бұл меркені елордада тойлау бұйырып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әрбір жас жеткіншектің арманы, сіздердің болашақтарыңыз осы Нұр-Сұлтандай биік әрі әдемі болсын. Елорда - балалар мен жастардың қаласы, болашақтың қаласы. Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Тек қана алға, жастар!» - деді Дариға Назарбаева. 

Сонымен қатар, елордалық балаларды қала әкімі Бақыт Сұлтанов та құттықтады. 

«Жыл сайын бұл күнді балалар асыға күтеді, себебі бүгін мереке және балалардың көптен күткен жазғы демалысы басталды. Бұл өз кезегінде мерекеге ерекше әсер беріп, оның сәнін ашады. Балалық шақ бақытты сәтке толы болуы тиіс және ол үшін біздер, яғни ересектер жауаптымыз. Бүгінгі мерекенің тағы бір ерекше сыйы, осы шараны өткізуде қалалық «Әкелер кеңесі» қолдау білдірді. Өздеріңіз жақсы білесіздер, баланың тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Осы тұрғыда әкелердің аталған шараға белсене қатысып жатқаны қуантады. Одан бөлек, мерекенің басты қонағы ретінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысуда. Сіздерге ашық аспан, жарқын болашақ тілеймін», - деді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы