Төтенше жағдай. Елордалықтар психолог кеңесін онлайн ала алады

8 Сәуір 2020, 23:02
1418
Бөлісу:
Төтенше жағдай. Елордалықтар психолог кеңесін онлайн ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың мұндай көмегі депрессия, психоз және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуін тоқтатуға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, бүкіл әлемде белең алған коронавирус пандемиясы дүниежүзілік дағдарыспен бірге адамдарға физикалық және психологиялық ғана емес, психикалық тұрғыдан да теріс әсер етуі мүмкін. 

Осыған орай елордада "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" Қазақстанның психологиялық көмек еріктілері одағымен бірлесіп, кәсіби психологтардың онлайн-кеңесін өткізеді. 

Қазірдің өзінде 20-дан астам психолог жұмысқа кірісті. Психоэмоционалды қиындықтарды бастан кешкен қала тұрғындары мамандардан кеңес ала алады. Бұл бірінші кезекте депрессия, психоз және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуін тоқтатуға көмектеседі, - дейді "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" өкілдері. 

Жоба бүгіннен бастап, карантинің соңғы күндеріне дейін жалғасады. Онлайн-кеңес алу үшін ҰҒКО байланыс нөмірлері арқылы хабарласу қажет: +7 7172 272 090, +7 71 703 100.  Жазылу уақыты күн сайын сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін жүреді.
Өзгелердің жаңалығы