Елорда полициясы көлікті жол бойында қалдырмауға кеңес берді

7 Желтоқсан 2019, 17:05
10703
Бөлісу:
Елорда полициясы көлікті жол бойында қалдырмауға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған автокөліктер эвакуатормен тиеліп әкетіледі, деп хабарлады полиция департаменті.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы қардың қалың жауғанына орай автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарын жүргізуге түсінікпен қарап, жол жиегіне көлік қоймауды сұрайды. Қар тазалау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасаған автокөліктер эвакуатормен тиеліп әкетіледі, - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы