Бас жаңалықтар
Елордада мектепті бітіру кештерінде 400 полицей тәртіпті қадағалайды
12 Маусым 2019, 22:16 350

Елордада мектепті бітіру кештерінде 400 полицей тәртіпті қадағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған орай, полиция қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

12-21 маусым аралығында Нұр-сұлтан қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде бітіру кештері өткізіледі. Әр білім беру ұйымына Департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген.

"Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, мектепті бітіру кештерінде тікелей іс-шаралар өтетін орындардың жанында патрульдік полиция нарядтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полиция мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұдан бұрын полицейлер оқу орындарының оқытушылар құрамымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріп өткен болатын.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық