Елорда полигондарына 6 млн текше метр қар шығарылды

19 Наурыз 2020, 22:46
1185
Бөлісу:
Елорда полигондарына 6 млн текше метр қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 50 жылда биылғы қыс мезгілі ең қарлы кезең ретінде есте қалады. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қазіргі кезде олар жолдар мен тротуарларды тазалау, полигондарға қар шығару, көшелерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу шараларын атқарып жатыр.

Елордада 5 қар полигоны жұмыс істейді, тағы 5-еуі қарға толды. Әр ауданға өз полигоны бекітілген. Қаланы қардан тазалауға күн сайын 1,5 мыңнан астам арнайы техника мен 1 700-ге жуық жол  жұмысшысы тартылады.

Орта есеппен бір күнде камаздар 2,5 мың рейс жасайды. Қыс басталғалы бері полигондарға шығарылған қар көлемі 6 миллион 293 159 текше метрге тең (522 235 рейс). Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе көп. Былтыр 2 миллион 874 248 текше метр қар шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы