Елорда оқушылары "SportFEST Kazakhstan" жобасының іріктеу ойындарына қатысады

8 Мамыр 2019, 20:46
1835
Бөлісу:
Елорда оқушылары "SportFEST Kazakhstan" жобасының іріктеу ойындарына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланың 4 ауданынан келген 132 оқушы бозбалалар арасындағы футзал, қыздар арасындағы баскетбол, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі мен ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша бақ сынайды. 

Спартакиаданың іріктеу кезеңіне астаналық 24 команда қатысады. Қатысушыларды құттықтауға облыстың белгілі спротшылары, жергілікті білім беру бөлімінің басшылары келеді. 

«SportFEST Kazakhstan» жобасы басталғаннан бері өңірлерде алты мыңнан астам оқушы қатысты. Еліміздің бірнеше облысында өткен шара аясында оқушылар бір-бірімен танысып, достасып жатыр. «SportFEST Kazakhstan» Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Алматы, Талдықорған, Орал, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Түркістан, Қостанай және Ақтау қалаларында өтті. Бұл өңірлерде үздіктер анықталды. Жеңімпаздар және жүлделі орын иегерлері роликті конькилермен, скейтбордтармен марапатталды», - делінген таратылған ақпаратта. 

Бірінші орын иегерлері биыл Щучинск қаласында өтетін финалға жолдама алды. Аймақтық чемпиондардың тізімімен жобаның ресми сайтынан танысуға болады. 

Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) мектептерге сыйға беріледі. 

«SportFEST Kazakhstan» - бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақыру мен патриоттық тәрбие беруге бағытталған  жоба. 


Өзгелердің жаңалығы