Елорда мешіттері ауруханаларға көмек берді

6 Тамыз 2020, 20:20
1490
Бөлісу:
Елорда мешіттері ауруханаларға көмек берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мешіттері елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап халыққа мейлінше қол ұшын беріп келеді. Осы үрдіс бойынша бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Елордамыздағы төрт ауруханаға денедегі сатурация деңгейін анықтайтын медициналық құрылғыларды тарту етті, деп хабарлайды muftyat.kz.

Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен №1 Қалалық аурухана, №2 Перинаталдық орталық, Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Көпсалалы медицина орталығына" жоғарыда аталған медициналық құрылғылар халық игілігі үшін табыс етілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта аты жаман аурудың біршама беті қайтқан. Десе де, қиын-қыстау кезеңде мүмкіндігінше қол ұшын беріп, қолдау білдіріп жатқан ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне өз алғыстарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы