Елорда мәслихаты бойынша партияларға қанша мандат берілгені белгілі болды

12 Қаңтар 2021, 16:20
1543
Бөлісу:
Елорда мәслихаты бойынша партияларға қанша мандат берілгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатына 31 мандат берілді. Қалалық мәслихат депуттарының партиялық тізіміне барлығы 88 кандидат тіркелді. ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес сайлау қорытындысы негізінде депутаттардың мандаттарды бөлу белгіленді, - деді ол 

Қазқастан халық партиясы – 2 мандат 

Nur Otan партиясы  - 26 мандат 

«Ақ жол» партиясы – 3 мандат 

Сайллау туралы мандаттарды бөлу хабарламасы жарияланды. Саяси партиялардың назарына ұсынылды, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы