Елорда маңындағы ескі шөп өртенді

18 Сәуір 2021, 22:24
1192
Бөлісу:
Елорда маңындағы ескі шөп өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  21 сағат 19 минутта елордалық өрт сөндірушілер Есіл ауданы, 128 көшесі мекен-жайы бойынша құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы хабарлама алды. 

Қазіргі уақытта  жеке құрамнан 30 адам және 6 бірлік техника бар өрт сөндіру бөлімшелері өртті жою бойынша жұмыс істеуде, сондай-ақ шақыру орнына қала әкімдігінен 4 суару-жуу машинасы (ЖМ) жіберілді. Өртті сөндіру қатты желдің екпінінен күрделене түсуде. Өрт 22.16 ауыздықталды. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 2 га жерді алған.
Өзгелердің жаңалығы