Елорда маңында дала семинары өтті

13 Тамыз 2020, 10:02
800
Бөлісу:
Елорда маңында дала семинары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ақмола облысы фермерлерінің қатысуымен дала семинары өтті. Семинарға қатысушылар жаздық жұмсақ бидайдың демонстрациялық тәлімбағына барды, онда АШҒӨО, қазақстандық және шетелдік селекцияның сорттары ұсынылды.

Ғалымдармен құрғақ дала аймағы үшін аудандастырылған және перспективалы сорттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, нәтижелері агробизнеске қажет болатын селекцияның перспективалық бағыттарын талқылады. 

Тәжірибелі стационарларда фермерлерге ауыспалы егістерде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің интенсивті технологиялары, сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың әртүрлі дозалары мен әдістері қолданылған егістері көрсетілді. Нақты егіншілік бойынша тәжірибелі стационарлар, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап енгізу нәтижелеріне көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, қонақтар нақты егіншіліктің бағдарламалық-аппараттық құралдарын пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығын басқарудың кешенді жүйесі ұсынылған ЖБО-ға (жобаны басқару орталығына) барды. 

Орталық хабарлағандай, жобаларды іске асыру нәтижелерін талқылау барысында фермерлер орындалатын жобалардың өзектілігін және агробизнесті дамыту үшін ғылыми-практикалық зерттеулердің қажеттілігін растады.
Өзгелердің жаңалығы