Елорда күні: Барлық іс-шара онлайн режимде өтеді

1 Шілде 2020, 18:48
1464
Бөлісу:
Елорда күні: Барлық іс-шара онлайн режимде өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шара тоқтатылды. 

Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады. 

Мысалы "Домбыра күні" шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін "Кәсіпкер ана" әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен "Доктор у дома" медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады, - делінген хабарламада. 

Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар, үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Өзгелердің жаңалығы