Ертең елорданың бірнеше көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

8 Мамыр 2019, 21:36
2118
Бөлісу:
Ертең елорданың бірнеше көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 мамыр - Жеңіс күнінің тойлануына орай елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«9 мамыр күні Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты сағат 09-00-ден 15-00-ге дейін көлік қоғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер шеруінің өтуіне байланысты Тәуелсіздің даңғылының Нәжимеденов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аумағы қоғамдық көліктер үшін жабық болады», - делінген департамент ақпаратында. 

Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылымен жапсарлас Б.Момышұлы, Б.Майлин, Шарль де Голь, Күйші Дина, Қажымұқан көшелерінде де көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланған. Мұнан бөлек, Аманжолов көшесі мен Б.Момышұлы жағынан Байтұрсынұлы көшесі, Нажимеденов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылы көлік қозғалысына жабық болады.

 

Өзгелердің жаңалығы