Елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

13 Шілде 2019, 11:28
2738
Бөлісу:
Елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, елорда әкімі Данияр Есинді Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұдан бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасының басшысы болды.

Алтай Көлгінов А. Турлубек пен Д. Есинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, елорданы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті. Қала әкімінің өкімімен Нұр-сұлтан Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол үлескерлер салынып бітпеген МЖК, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және қарды жинау мәселелерімен айналысатын болады.

Сондай-ақ оның қарауында коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы мен инфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.

Алтынбек Қайсағалиев Еуразия ұлттық университетін бітірген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "құрылысшы" мамандығы бойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Бат университетінің Менеджмент, инновация және технологиялар саласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (Ұлыбритания).

Еңбек жолы: - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі», Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, қала өнеркәсібі мәселелерімен айналысқан. Орал қаласы әкімінің орынбасары. ТКШ, абаттандыру, сәулет және қала құрылысы мәселелеріне жетекшілік еткен. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы болған.

Өзгелердің жаңалығы