Елорда әкімі үлескерлерімен кездесті

22 Маусым 2019, 16:12
1634
Бөлісу:
Елорда әкімі үлескерлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы өкілдері және мәслихат депутаттарымен бірге үлескерлік құрылыс нысандарын аралап, тұрғын үй кешендерінің негізгі мәселелерімен танысты, сондай-ақ үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

Әкім Н.Тілендиев, 40/1 даңғылы бойында орналасқан «Жеті жол» КТК құрылысының алаңына барды. Нысанды 2013 жылы «Азбука жилья» компаниясының тобы тұрғыза бастаған. Кейінірек тұрғын үй кешенін салу «Орда Инжиниринг» ЖШС-ға берілді. Үй 2020 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бір айтарлығы, жалпы ауданы 40 402,76 шаршы метр болатын КТК-нің 944 пәтеріне 595 үлескер тиесілі.

Аралау барысында әкім Мәңгілік Ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында орналасқан «Айсанам De Luxe» ТК құрылысының барысымен танысты. Нысанды салуды 2014 жылдың мамыр айында дәл осы компания жүргізді. Жалпы ауданы 33 074,89 шаршы метр болатын тұрғын үй кешенінің 386 пәтері үлескерлерге сатылды, олардың саны 465 адамды құрайды. Олар келесі жылы өз пәтерлеріне кіре алады деп жоспарланып отыр.

«Әрбір проблемалық тұрғын үй жеке қаралады және олар кезең-кезеңімен шешіледі. Қаржы бөлінді, енді құрылысшылар бұған жауапты қарауы тиіс. Құрылысы барысына қоғамдық, партиялық және мемлекеттік бақылау қоямыз», - деді әкім үлескерлермен кездесуде.
Өзгелердің жаңалығы