Елорда әкімі қаланы газдандыру туралы айтты

15 Тамыз 2020, 19:51
1420
Бөлісу:
Елорда әкімі қаланы газдандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Бірқатар елді мекендегі кварталішілік газбен жабдықтау желілері құрылысының барысын тексеріп, тұрғындармен кездестім. Железнодорожный елді мекенінде газбен жабдықтау тарату желілерінің 100%, Промышленный- 80%, Көктал 1 - 70%, Көктал 2-де екі көшеде өткізу қалды. Бұл жұмыстар Агрогородок, Юго-Восток елді-мекендерінде де жүргізіліп жатыр.Газ желілерін үйлерге жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Көктал-1/2, Железнодорожный, Промышленный, Агрогородок тұрғындары үшін " (Тілендиев даңғылы – Көктал – т/ж жолы – Бөкеев көшесі шекарасында) үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды берудің тегін рәсімі басталды. Ол үшін болашақ 4/2 және Ж.Жабаев 12/2 көшесінде фронт-кеңселер ашылды, - деді әкім.

Сондай-ақ, ол бұл елді мекендер, оның ішінде Агрогородок пен Юго-Востоктың тұрғындарының қосып алуына мүмкіндік бар екенін, тұрғындар үшін тегін есептегіштер қарастырылғанын айтты. 

Елорданы газдандырудың өзі үш кезеңнен тұрады. ЖЭО-1/2 күзде газға ауыстырылады.Кездесу барысында Көктал-2 және Агрогородок тұрғындары жарықтандыру, аялдама орнату, қосымша автобус бағытын іске қосу, жол құрылысы және т.б. мәселелерді көтерді, - деп жазды Алтай Көлгінов. 


Өзгелердің жаңалығы