Бас жаңалықтар
Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды
22 Қараша 2019, 08:33 1615

Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні іс-шарасы өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Іс-шара аясында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтардың бір бөлігі жалға берілетін тұрғын үйге қатысты сұрақтар қойды. Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді 5 жылдан кейін қайтарып беруге міндетті емес екендерін, пәтер шартын әр 5 жыл сайын ұзартып, сол пәтерде тұра бере алатындарын айтты. (бұл қатарға жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй жатпайды).

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйде тұрғындар 5 жыл сайын жалдау шартын ұзарта отырып, өмір бойы тұра алады. Сіз құжатта көрсеткен балаларыңыз тұрғын үй шартын өз атына қайта ресімдеуге құқылы. Сонымен қатар, пәтер шартын ұзартып қана пәтерде тұруға құқылысыз", - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, қабылдауға жазылған азаматтар арнайы әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, балаларды балабақшаға кезекке қою, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Әр сауал бойынша жұмыс жүргізіледі.

4 ай ішінде елорда әкімі Алтай Көлгінов 600-ге жуық адамды қабылдады. Сұрақтардың басым бөлігі шешілді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау жүйелі түрде аудан әкімдіктерінде орналасқан open akimat, қалалық әкімдікте өтеді. Ал iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында қала әкімі кәсіпкерлерді қабылдайды.

 

 


Фото: дереккөз
Загрузка...