Елорда әкімдігі коронавирустан сақтану шараларын күшейтіп жатыр

28 Қаңтар 2020, 04:32
1305
Бөлісу:
Елорда әкімдігі коронавирустан сақтану шараларын күшейтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар Қытайдан Қазақстанға коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған қарқынды жұмыстарды бастады.

Бұл орайда елорда әкімдігі коронавирус қаупіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің төрағалығымен коронавирустың таралуын болдырмау және алдын алу шаралары жөнінде өткен кеңесте айтылды.
 
Қазіргі уақытта елордаға коронавирустық инфекцияның әкеліну жағдайларын оқшаулау және жою бойынша жұмыс тобы құрылды. Халықаралық рейстердің келуіне жылу бақылау қондырғысы күшейтілді, барлық адамдардың міндетті байланыссыз термометриясы жүргізілуде. Сондай-ақ әуежай, шекара және кеден қызметтері қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды, – деп атап өтті Бақтияр Макен.

Жиынға әуежай, теміржол вокзалы, Денсаулық сақтау басқармасы және басқа да қалалық қызмет орталықтарының басшылары қатысты. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің орынбасары әуежай мен вокзалдарда санитарлық бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, елордада коронавирустың таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауды талап етті.
Өзгелердің жаңалығы