Елорда күніне орай Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылады

24 Маусым 2019, 21:13
2650
Бөлісу:
Елорда күніне орай Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 25 маусым күні «Қасиетті Түркістаннан нұрлы жолды Нұр-Сұлтанға» атты көрмесінің тұсауы кесіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үш бөлімге топтастырылған көрме экспозициясына 60-тан астам жәдігерлер қойылады. Көрменің бірінші бөлімінде әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасына   арналады.

Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба және баспа нұсқалары, «Насабнама» шежіресі, ұлы тұлғаның шәкірттері С.Бақырғанидің «Диуан» қолжазба еңбегі, Шейх Худайдад Таш-Мухаммед әл-Бухаридің «Бустан уль Мухиббиннің» түркі тілінде жазылған қолжазба еңбегі, Ә.Науаидің «Ғазалдары», Софы Аллаярдың «Муслик ал-Муттакин», «Әулиенің өсиеттері» еңбегі, Қожа Хафиздің «Диуаны», Имам Мағрудидің «Қиссалары», Әулие Биделдің «Диуан» еңбектерімен қатар Әмір Темір сыйға тартқан ортағасырлық ХІҮ ғасырдың құнды жәдігерлері – шырағданның тұпнұсқасы, лауха, тайқазан көшірмелері экспозициядан орын тебеді.

Өзгелердің жаңалығы