Елорда күні қарсаңында Павлодарда 300 адам дуатлоннан жарысады

25 Маусым 2019, 22:59
1642
Бөлісу:
Елорда күні қарсаңында Павлодарда 300 адам дуатлоннан жарысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні Павлодарда Елорда күніне орай дуатлоннан жарыс өтеді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Облыстық туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Марат Айдашевтің айтуына қарағанда, жарысқа кез келген адамға қатысуға болады.

«Қатысамын деушілер 18 жастан үлкен болуы керек. Жарысқа өздерімен бірге жеке куәлік, велосипед, кроссовки мен шлем ала келуі шарт. Барлық қатысушылар медальмен марапатталады», - дейді Марат Айдашев.

Марат Айдашевтің айтуынша, жарысқа 300-дей қала тұрғыны мен қонағы қатысады деп жоспарлануда.

Елорда күніне арналған жарыс аясында спортшылар бес шақырым қашықтықты жүгіріп, 16 шақырымдық жолды велосипед жүріп өтуі тиіс.

«СпортМастер» дүкені үздіктерге өз сыйлықтарын ұсынады деп күтілуде. Жарыс Торайғыров көшесі мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының қиылысында 2019 жылы 30 маусымда таңғы 9.00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу 7.00-8.00-ге дейін жүргізіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы