Бас жаңалықтар
Елордаға БАӘ-ден гуманитарлық көмек келді
29 Маусым 2020, 21:08 137

Елордаға БАӘ-ден гуманитарлық көмек келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласына Біріккен Араб Әмірліктерінен гуманитарлық көмек келді. Медициналық мүлік Қазақстан Қорғаныс министрлігіне БАӘ Қарулы Күштерінің қолбасшылығы арқылы беріліп, әскери бортпен жеткізілді.

Елімізге көмек ретінде медициналық қорғау костюмдері, маскалар, қолғаптар және дезинфекциялау құралдары берілді. Жүктің жалпы салмағы 17,7 тоннаны құрайды.

Гуманитарлық көмек өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі болып табылады. Күрделі эпидемиологиялық  жағдайда әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық қашықтығына қарамастан өзара көмекке жүгінеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...