Бас жаңалықтар
Елордада BILIM фотокөрмесі өтеді
05 Маусым 2019, 22:59 548

Елордада BILIM фотокөрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күні мерекесі қарсаңында BILIM фотокөрмесі өтеді. 

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының ұстаз қауымы үшін жаңалығы өте көп. Себебі, қай заманда да ұстаз қызметіне адам баласы аса құрметпен қарап, қадір тұтқан.Республика мұғалімдерінің сапалы білім алып, біліктілігін арттыруға бар мүмкіндіктер жасалуда. Тренингтер мен onlіne сабақтарды үйлестіре оқыту арқылы жүргізілетін біліктілікті арттыру курстарымен қатар, курсаралық іс-шаралар: конференция, вебинар, «дөңгелек үстел», республикалық семинарлар жиі ұйымдастырылып отырғаны рас», - дейді ұйымдастырушылар. 

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласының көптеген мектептерінде роботтехника, гидропоника, балалардың рухани дамуына септігін тигізетін арнайы клубтар мен дебат үйірмелері, өзін өзі дамыту сабақтары жүйеге қойылған. 

Сондықтан бәсекеге қабілетті мектептердің ішкі жағдайын толықтай фоторепортаж жасап, Нұр-Сұлтан қаласының айтулы мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық музейінде BILIM фотокөрме 07.06.2019-10.06.2019 жыл аралығында ұйымдастырылмақ. 

Фотокөрмеге Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігіне қарасты білім басқармасы басшылығын, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер шақырылды.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық