Елордадағы балабақшалардың жұмысы қашан басталатыны айтылды

15 Мамыр 2020, 23:32
1587
Бөлісу:
Елордадағы балабақшалардың жұмысы қашан басталатыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамырдан бастап елорданың барлық мектепке дейінгі ұйымдары меншік түріне қарамастан кезекші топтардың режимінде жұмысын бастайды

Нұр-Сұлтанның мектепке дейінгі ұйымдары, ең алдымен, баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмысқа кіріседі.
Әрбір мектепке дейінгі ұйымда бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтарды ашу жоспарланып отыр. Егер бала балабақшаға келмесе, орны сақталады. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізілуде. Ол үшін ата-аналар тәрбиешіге баланың бақшаға баратыны туралы бір күн бұрын хабарлауы тиіс, — деді қаланың білім басқармасының басшысы.
Бұған қоса, Ш. Қадырова барлық нысандар санитарлық талаптарға сәйкес дайындалғанын атап өтті: зарарсыздандыру, тазарту,  мектепке дейінгі ұйымның аумағы мен ғимаратын дезинфекциялау, антисептиктер мен қажетті жеке қорғаныш құралдары – маска мен қолғап сатылып алынған.  

Балалар учаскелік педиатордан баланың денсаулығы туралы анықтама әкелген кезде ғана қабылданады. Баланы бақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медицина қызметкері мен ата-анасының көзінше термометрия арқылы міндетті таңғы тексеру жүргізеді. Ал 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы штаттық режимде жұмысын қайтадан бастайды деп жоспарланып отыр.

18 мамырдан бастап арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық және педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету бөлмелері (ҚППК), оңалту орталықтары (ҚК) санитарлық қауіпсіздік шараларына сақтай отырып жұмысын жалғастырады.

Ерекше қажеттілігі бар баланың әрқайсымен жеке жұмыс істеледі және жаңа оқу жылына баратын балаларға арналған оқу бағдарламасы анықталады. 

Қандай да бір сұрақтар болса, ата-аналар 55 68 83, 55 68 73, 1445 нөмірі арқылы Білім басқармасының қоңырау орталығына хабарласа алады. 
Өзгелердің жаңалығы