Елорда автобустарындағы «қояндардың» үлесі қанша?
12 Қараша 2021, 12:50 173

Елорда автобустарындағы «қояндардың» үлесі қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда елордада жолақысын төлемей жүргендер 10-15 пайызды құрап отыр. Бұл туралы ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Оның айтуынша, жеке инвесторлар тарапынан қаржы бөлінетін төлем жобалары отандық өнімдер.

Сондай-ақ төрағаның сөзінше, төлем жүйесіндегі өзгерістер жолақының құнын көтермейді. Жолақы бағасы 90 теңге болып қала береді.

Біздің басты мақсатымыз – енгізіліп жатқан жаңа жүйе арқылы жолаушыға ыңғайлылық тудыру. Қазір бір сәтте жолақысын төлей алса, екінші жағынан қоғамдық көлік картасына бірлік жіберу мүмкіндігі қаралған. Өздеріңіз білетіндей, осыған дейін қоғамдық көліктерде карта арқылы төлем жүйесі болды. Жолаушы оған бірлік салу ұзақ уақыт алып, түрлі ыңғайсыздық туындатты. Бұл жүйе жолаушылар үшін тиімсіз болды. Осы және өзге проблемаларды ескере отырып қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің жаңа жүйесін сынамадан өткізудеміз, - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағытында пилоттық режимде үш жеткізушіден кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру төлемі тестіленуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...