Бас жаңалықтар
Елордада төрт күн бойы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
08 Желтоқсан 2019, 16:41 3467

Елордада төрт күн бойы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күніне орай 14-17 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде Оңтүстік аймақтардан жеміс-көкөніс өнімдері, Қарағанды, Ақмола облыстары өндірушілерінің сүт өнімдері, сиыр, жылқы және құс еті, Шығыс Қазақстан облысынан - балық өнімдері және Павлодар облысынан - картоп әкелінеді. Жәрмеңкеде барлық тауар өндірушілерінің бағасымен сатылады.

Қысқы жәрмеңкелер "Ұлжан", "Көк базар", "Шапағат" базарлары, Сауран көшесі, 7-үй мекен-жайында және "Смолл", "Магнум Cash және Carry" супермаркеттерінде өтеді. 

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 23 қарашасынан бастап қыстың соңына дейін апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері Ш.Уәлиханов және Ағыбай батыр көшелерінің қиылысындағы "Зейд" сауда үйінде , сондай-ақ Қошқарбаев, 37-үй мекен-жайы бойынша орналасқан "Аспан Базар" сауда орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты өтіп жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...