Елорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

30 Шілде 2019, 10:52
2071
Бөлісу:
Елорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысы қызметіне Ақмарал Олжабаева тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Әріптестер, достар! Сіздермен жаңалығымды бөліскім келіп отыр. Бүгіннен бастап мен әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысымын. БАҚ саласы бойынша телеарналарда да, ақпараттық агенттіктерде де жұмыс істедім. Әкімдіктің баспасөз қызметінде жұмыс істеу мен үшін зор жауапкершілік, әрі мәртебе. Менің байланыс нөмірім – 8702 693 72 74. Кез келген уақытта хабарласыңыздар, біздің баспасөз қызметіміз бәріңіз үшін ашық! Бірлесе жемісті жұмыс жасауға біз дайынбыз!», - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Ақмарал Олжабаева бұған дейін "Қазконтент" АҚ-ға қарасты "BNews.kz" ақпараттық агенттігінің бас редакторы қызметін атқарған болатын.



Өзгелердің жаңалығы