Бас жаңалықтар
Елорда әкімі «Бюджетке қатысу» жобасына енген мекенжайларды аралады
20 Маусым 2019, 10:24 591

Елорда әкімі «Бюджетке қатысу» жобасына енген мекенжайларды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әкім аталған жобамен жеке танысып, Сарыарқа ауданы аумағындағы жоба аясында абаттандырылған 10 ауланы аралады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшысының жобаға деген назары кездейсоқ емес. Елорда тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған және көптеген жобаны жүзеге асыруға  мүмкіндік берген «Бюджетке қатысу» жобасы Қазақстанда алғаш рет бастау алып отыр. Әкім дауыс беру нәтижесі бойынша абаттандырылатын 5 аулаға барып қайтты. Бұл жобалар «Балалар – біздің болашағымыз», «Балалар ауласын қауіпсіз ету», «Балалар бақыты» , «Жас және заманауи астананың балалары», «Менің жайлы қалалық аулам – осында тұрғым келеді» деп аталады.

Сонымен қатар, Республика даңғылы, 74 мекенжайындағы аулада балаларға арналған қос мұнаралы кешен, күрке үйшік, бірелі бар әткеншек, теңгерме әткеншек, көлбеу қабырға, гүлді құмсалғыш және спортпен шұғылдануға арналған тренажерлер орнатылады. Мұндай алаңдар Есенберлин 15/1 және Есенберлин 11/1 мекенжайларға да қойылады. Сол сияқты Бейбітшілік көш, 60, К.Күмісбеков көш, 7/1 мекенжайларында балаларға арналған жаңа ойын алаңдары орнатылады. Әкім тұрғындармен сөйлесіп, азаматтардың әлеуметтік жобаларға белсене қатысуының маңыздылығын атап өтті.

«Талқылауға тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Барлығы 22 өтінім тіркеліп, халықтық дауыс беру арқылы 15 жеңімпаз анықталды. Оның ішінде 10 ұсыныс ауланы абаттандыруға арналған. Жалпы қала бойынша 1560 аула бар. Оның 473-не жөндеу жқмыстарын жүргізу қажет. Дені оң жағалауда. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі», - деп жазды әкім Facebook желісінде.

Осыдан кейін қала басшысы жоспарлы абаттандыру жүргізілетін 4 ауланы аралап шықты. Бейбітшілік, 62, Жеңіс, 25 және Гете, 10 мекенжайларындағы аулада футбол алаңдары және шағын сәулет нысандары орнатылады. Сол сияқты тренежерлер де қойылады. Спорт кешендері мен шағын сәулет нысандары Біржан сал, 2 ауласында орнатылады.

Фото: дереккөз
Загрузка...