Елорда әкімдігі күмәнді құрылыс компанияларынан пәтер алмауға кеңес берді
2 Желтоқсан 2021, 18:16 165

Елорда әкімдігі күмәнді құрылыс компанияларынан пәтер алмауға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астана әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп, айына екі рет жауапсыз құрылыс компанияларының тізімін жариялайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бастығы Дәулет Досқұлов мәлімдеді.

Әкімдік Қазақстан Республикасының «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізеді. Басқарма басшысының айтуынша, проблемалық нысандар болмауы үшін мен адамдар алданып қалмас үшін жауапсыз құрылыс компанияларына қатысты істер полицияға және прокуратураға жіберіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында үй салып жатқан құрылыс компаниялары түрлі заңсыздықтарға барады. Осыған орай басқарма тарапынан жауапсыз компанияларға әкімшілік шаралар қолданылады. Айына екі рет әкімдік сайтында сол компаниялардың тізімін жариялаймыз.  Тұрғындарға пәтер алу үшін күмән келтіретін құрылыс салушыларға қаражат бермеуге, оларға сенбеуге шақырамыз. Ақпарат пен рұқсат құжаттарын мұқият тексеру керек, - деді ол. 
Нұр-Сұлтанда 31 құрылыс компаниясы құрылыстың бастапқы сатысында тұрған және үлескерлердің қаражатын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялар тізіміне енді. 

1. «BS Company» ЖШС (Би Эс Компани)

2. «White Gold Development» ЖШС

3. «General Capital Company» ЖШС

4. «Dicoldi Partners» ЖШС

5. «Асыл тас инвест construction» ЖШС

6. «International invest Company IIC» ЖШС

7. «Transcapital» ЖШС

8. «АзияЦентрСнаб» ЖШС

9. «Азия» ЖШС

10. «NUR-Tas-2020» ЖШС  

11. «Актас-М» ЖШС

12. «Строительная фирма Astana Building» ЖШС

13. «Белая гора» ТҚК

14. «Градум Строй» ЖШС

15. «Техмонтажстрой» ЖШС  

16. «Байтас инвест» ТҚК

17. «Ер-Тау» ЖШС

18. «БестМет» ЖШС

19. МТС құрылыс компанияларының тобы

«KENAR Invest» ЖШС

20. Хасенова Бибисара Закириевна

21. «Жер Билдинг» ЖШС

22. «Арзан 777» ЖШС

23. «РДМ-СЕРВИС» ЖШС (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

24. «Елімай сити» ТҚК (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

25. «Mainstreet» ЖШС

26. «Береке Қурылыс 2030» ЖШС

27. «Astana Real Estate Сомраnу» ЖШС ASTI Group Құрылыс компаниялары тобы  

28. «Астана – Таза су» ЖШС

29. «Проектная компания Астана «Девелопмент» ЖШС

30. «Garant Investment» ЖШС

31. «Аруана - ХХI» ЖШС

Дәулет Досқұловтың мәліметінше, биылғы жоспарға сәйкес 57 тұрғын үй мен 18 ғимарат салынады. Барлығы 7 658 үлескер бар. Қазіргі таңда 33 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, енді 24 үй салынып бітуі керек. Бұл статистика өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. 2020 жылы 20 тұрғын үй мен 14 нысан салынған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...