Елорда күні. Талғарда 170 пәтерлік үш үй қолданысқа берілді

5 Шілде 2020, 14:16
1413
Бөлісу:
Елорда күні. Талғарда 170 пәтерлік үш үй қолданысқа берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Астана күні қарсаңында Талғарда 170 пәтерлік үш үй қолданысқа берілді. Кілт тапсыру рәсімі бұрынғыдай емес, әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра, бірнеше адамға ғана  берілді. Қалғандары аудандық ТҮКШ бөлімінен кілттерін алатын болады. Аман болайық, бар болайық, - деп жазды ол.
Жалпы 170 пәтердің 61-і "Халықтың әлеуметтік осал топтары", 55-і "Көпбалалы отбасы", 34-і "Жетім балалар" және 20-сы "Мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлері" сынды бірнеше санат бойынша кезекте тұрған азаматтарға бөлінген. Берілген пәтерлер Талғар ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша Талғар қаласының "Жаңа Талғар" ықшам ауданында салынған.

Айта кетейік, бұған дейін Астана күніне орай Алматыда медициналық орталық ашылатынын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы