Елизавета II Гарри ханзадаға сынақ мерзімін берді

21 Ақпан 2020, 16:43
1460
Бөлісу:
Елизавета II Гарри ханзадаға сынақ мерзімін берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Герцог бірнеше лауазымынан айрылып қалуы мүмкін. Бірақ кейбірі өзінде қалады.

Елизавета II патшайым немересіне майор, лейтенант-коммандир және эскадриль командирі деген әскери атақтарын қалдырғысы келіп отыр. Бұл туралы 20 ақпанда DailyMail газеті жазды.

Мұнымен бірге, патшайым тағы бір талап қойды. Сассекский герцогтары 12 айдың ішінде ешқандай жанжалға түспеу керек. Сонда патшайым Гарриге әскери форманы киюге рұқсат береді.

Марқұм Диана ханшайымның ұлы Гарри Ұлыбританияның Қарулы күштерінде тоғыз жыл қызмет етті. Ол бірнеше рет Ауғанстанда болды және әскери қақтығыстарға қатысты. 

Меган Маркл және Гарри ханзада король отбасынан ресми түрде 1 сәуірде кетеді. Сол күні Букингем сарайында олардың көмекшілері қызметтен босатылады. Ал король отбасы мүшесінің қызметін 9 наурызда аяқтайды.

Өзгелердің жаңалығы