Бас жаңалықтар
Элизабет Тұрсынбаева жаттықтырушылары мен анасына алғыс айтты
23 Наурыз 2019, 12:06 514

Элизабет Тұрсынбаева жаттықтырушылары мен анасына алғыс айтты

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатындағы жетістігі үшін жаттықтырушылары мен анасына, жанкүйерлеріне алғыс айтты. 


"Барлық жаттықтырушыларыма медаль үшін алғыс айтқым келеді. Этери Георгиевна, Даниил Маркович, Сергей Викторович, Сергей Александрович пен Людмила Борисовнаны дайындағандары, қолдағандары және маған қиын уақытта сенгендері үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ жанкүйерлерімнің құттықтауы үшін және одан бөлек жапон жанкүйерлерінің хаттары мен әдемі сыйлықтары үшін алғысымды білдіргім келеді", - деп жазды Тұрсынбаева Instagram-дағы парақшасында.
 
Сонымен қатар, спортшы анасы Падишахан Сұлтанәлиеваға да рақмет айтты. 

"Осы сәтке жеткізгеніңіз үшін, әрдайым жанымнан табылып, ештеңеге қарамай қолдағаныңыз үшін рақмет. Мына әлемде оны бәрінен де қатты жақсы көремін және мені осылай тәрбиелегені үшін алғыс айтамын. Мен анамның арқасында осындаймын", - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.

Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтанәлиева төрттік сальхов элементін таланты мен өлшеусіз еңбегінің арқасында орындағанын атап өтті.

"Белгілі жаттықтырушылар мен спорт комментаторлары Универсиададағы жеңісі кезінде мұның кездейсоқтық екенін, жәй ғана жолы болып кетті", - деп айтқан болатын...  Енді бұл Элизабеттің және Қазақстанның нағыз жеңісі екенін білетін боласыздар.

"Шындықты айтатын адамдарға Элизабеттің анасының атынан алғысымды білдіремін", - деп жазды Сұлтанәлиева Facebook-тағы парақшасында. 

Элизабет Тұрсынбаева 22 наурызда Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды. Ол еркін бағдарламада алғаш рет төрттік сальхов (4S) элементін орындады. 

Осыған дейін, Денис Тен әлем чемпионатында 2013 жылы күміс, 2015 жылы қола медаль алған болатын.

Сізден жаңалық