Елімізге ҰШҚҰ-ның қанша әскері келді?

7 Қаңтар 2022, 14:15
1221
Бөлісу:
Елімізге ҰШҚҰ-ның қанша әскері келді?
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Хабар 24 арнасына берген сұхбатында ҰШҚҰ-ның Қазақстанға қанша күші келгенін айтты.

Бітімгерлік күшінің Қазақстанда уақытша болатынын айтқым келеді. Ол елдегі жағдайға байланысты болады. ҰШҚҰ бас хатшысы Станислав Зась атағандай, әскер бірнеше күн немесе апта болуы мүмкін, - деді ол.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтың айтуынша, ҰШҚҰ бас хатшысы Станислав Засьтің мәліметіне сәйкес әскер саны 2 500 адамды құрайды. 

Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ҰҚШҰ сарбаздары соғыс қимылдарына қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы