Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді

11 Қараша 2021, 09:49
954
Бөлісу:
Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлады коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия.

Бұрын қол қойылған келісім шеңберінде Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн дозасы сатып алынды.

Comirnaty-американдық Pfizer компаниясы мен Германияның BioNTech технологиялық компаниясы шығарған РНҚ-ға негізделген матрицалық вакцинаның (мРНҚ) сауда атауы. Вакцинация курсы 21-28 күн аралығымен енгізілетін екі дозадан тұрады. Жеткізілген дозалар Қазақстан халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл - Қазақстанда тіркелген алтыншы вакцина.

Бірыңғай дистрибьютор келіп түскен вакцина Денсаулық сақтау министрлігінің бөлу кестесіне сәйкес жедел тәртіппен өңірлерге жеткізіледі. Алдағы күндері ел азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Вакцинаны сақтау нұсқаулығын нақты ұстану және жағымсыз салдарды болдырмау үшін вакцинаны жеткізуге және қолдануға дайындық шаралары жүргізілді. Өндіруші ұсынған суық тізбекке қойылатын талаптарға сәйкес ультра төмен температура -60 -90 С режимінде сақтауға арналған мұздатқыш жабдықтар сатып алынды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ вакцинаны енгізу үшін қажетті шприцтер қоры сатып алынды.

Комиссия ақпаратына сүйенсек, вакцинацияны жүргізетін тиісті қызметкерлер вакцинамен дұрыс жұмыс істеуге және оны қолдануға үйретілді.

Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасы ДДҰ-ға шұғыл қолдануға рұқсат етілген, вакцина АҚШ, Ұлыбритания, Канада және ЕО-да қолданылады. Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның тиімділігі 95 пайызды құрайды. Бұл АҚШ-та жедел қолдануға рұқсат етілген (Төтенше пайдалану авторизациясы, EUA) алғашқы вакцина.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін келесі вакциналар қолданылды: «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «Соronavac», «Sinopharm».

Өзгелердің жаңалығы