Елімізге өткен тәулікте 43 халықаралық әуе рейсі келген

5 Қыркүйек 2021, 13:09
3557
Бөлісу:
Елімізге өткен тәулікте 43 халықаралық әуе рейсі келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 4 қыркүйек күні халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады.  

2021 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мысыр, Армения, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Хорватия, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді. 

Өткен тәулікте 5 843 авиажолаушы келді. Оның ішінде:  Алматы қаласының әуежайына – 23 рейс, 3 195 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 734 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 263 жолаушы; Ақтау қаласының әуежайына – 4 рейс, 346 жолаушы, Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 193 жолаушы. Түркістан қаласының әуежайына - 1 рейс, 112 жолаушы. Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

Өзгелердің жаңалығы