Елімізге ең көп импортталатын азық-түлік түрлері анықталды

18 Қазан 2021, 14:21
20132
Бөлісу:
Елімізге ең көп импортталатын азық-түлік түрлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Ол өз сөзінде коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсетіп бергенін алға тартты.

Сондықтан басым экспорттық саясатпен қатар, импортты алмастыру мәселелері де кешенді түрде шешілетін болады. Министрлік ең көп импортталатын позицияларды айқындады. Бұлар – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант пен балық. Бүгінгі таңда осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқындалып, іске асырылуда. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде жеңілдікті кредит беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету іске асырылатын болады, - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, Ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі – өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту.

Нәтижесінде 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түрлері бойынша қамтамасыз етілу 100%-ды, ал қант бойынша 80%-ды құрайды. Ол үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды толық жүктеуді, сондай-ақ қазіргі заманғы кәсіпорындар салуды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейтін шаралар кешені әзірленді, - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі.

Еске сала кетейік, бұған дейін заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт салынатыны туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы