Еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

13 Шілде 2020, 18:07
1273
Бөлісу:
Еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Күндіз 14 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдін күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 14-16 шілдеде кей жерінде 35 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.    

14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай күтіледі, 38-41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%, - делінген хабарламада.

Күндіз 14-16 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 14-16 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 41 градус қатты ыстық сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.

Өзгелердің жаңалығы