Бас жаңалықтар
Бұл еліміздің тарихында болмаған жағдай – Елжан Біртанов
28 Ақпан 2020, 15:57 99

Бұл еліміздің тарихында болмаған жағдай – Елжан Біртанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Елжан Біртанов 2019 жылы осы салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

2019 жылы денсаулық сақтау саласы бойынша Елбасы мен мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Біріншіден, әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурсты дамыту. Сондай-ақ медициналық қызметкерлердің мәртбесін көтеру.Жалпы медициналық қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылым жүйесін дамыту, цифрландыру. Ерекше тапсырма – еліміздегі халық денсаулығы туралы және денсаулық сақтау жүйесі жайлы кодекстің жобасын әзірлеу. 2020-2025 жылдарға арналған жаңа медициналық бағдарламаны әзірлеп қабылдау, - дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 200 миллиард теңге жиналған. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көп жұмыс істелінді. Ол жағы барлықтарыңызға мәлім. Әрине, соңғы жыл өте маңызды болды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізер алдында Қарағанды облысында пилоттық жоба өткіздік. Жалпы, бұл заң 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Өткен жылдар бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 200 миллиард теңге жиналды. Тек 2020 жылдың басынан бері қорға 64 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл ақша 1 қаңтардан бастап тегін медициналық қызметтерді қаржыландыруға жұмсала бастады. Осы қаржыға 2020 жылы тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін енгіздік. 2020 жылы тегін медициналық көмек және әлеуметтік медициналық сақтандыру топтамасына енгізілген медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 50 пайызға өсті.Бұл еліміздің тарихында болмаған жағдай. Жалпы, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын көтеру қажет. Осы орайдағы ең маңызды мәселе - денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік ортаны дамыту, - дейді министр.

Сөз соңында ДСМ басшысы биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерінің 47 пайызын жекеменшік клиникалар көрсеткенін, сондай-ақ бұл салада бәсекелестік жоғары дамыған деп айтуға болатынын айтты.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...