Еліміздің синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады

10 Желтоқсан 2020, 00:24
1442
Бөлісу:
Еліміздің синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде желдің күші - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде және Көкшетау қаласында тұман түседі, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 21°С дейін қатты аяз сақталады.

Өзгелердің жаңалығы