Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауады

18 Мамыр 2021, 07:15
1224
Бөлісу:
Еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбіде елімізде жел күшейіп, жаңбыр немесе бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК мәліміетінше, 18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің оңтүстігінде және батысында жауын-шашын болмайды. Еліміздің кей жерінде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерде шаңды дауыл соғуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел күшейіп, дауыл соғады. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20 м/с күшейіп, екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерде бұршақ жаууы ықтимал. 

Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. 

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Өзгелердің жаңалығы