Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп

30 Шілде 2021, 11:05
5377
Бөлісу:
Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Алайда бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бірден 56-ға артқан. Бұл туралы finprom.kz сайты жазды. 

Зерттеуге сәйкес бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде 15 пен 28 жасқа дейінгі 75,7 мың жұмыссыз жастар болған, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 4,1%-ға аз.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы 3,8%-дан 2021 жылдың бірінші тоқсанында 3,7%-ға дейін төмендеді.

Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3%-ды, ерлер арасында 3,2%-ды құрады. Қалалық жерлерде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%- ға, ауылдық жерде 3%-ға жетті.

Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп

Өңірлерге келетін болсақ, жұмыссыз жастардың көпшілігі Алматыда тұрады екен - 14,1 мың адам, жылына минус 10,6%. Алматы облысында да жұмыссыздар саны басым (8,5 мың адам, оған қоса жылына 11,1%) және Нұр-Сұлтанда (7,7 мың адам, оған қоса 36,1%) жоғары, - деп атап өтті сарапшылар.

Жұмыссыздар санының өсуі еліміздің 5 өңірінде тіркелді, қалған 12 өңірде көрсеткіш төмендеген.

Адамдарды жұмыстан қысқару Ақтөбе (минус 35,4%, 1,8 мың адамға дейін), Қарағанды (минус 23,9%, 4,8 мың адамға дейін) және Солтүстік Қазақстан (минус 17,5%, 1,4 мың адамға дейін) облыстарында байқалады.

Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп

Бір айдан аз уақыт ішінде жұмыссыздардың 21,2%-ы немесе 16,1 мың жас жұмыс іздеп жүреді, жылына минус 32,8%.

Жастардың 27,7%-ы 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздейді екен. Бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда жұмыссыз жүрген адамдардың саны 4 пайызға өскен, яғни 21 мың адам жұмыс ісздеп жүр. Жұмыссыздардың тағы 23,2%-ы 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздейді. 17,6 мың адам, жылына минус 8,2%.

Жарты жылдан бір жыл аралығында жұмыс іздейтәндердің үлесі 16,8% құрайды немесе 12,7 мың адам жұмыс іздейді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 23,4%-ға көп.

Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп

Бір жылдан астам жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз ұлдар мен қыздардың саны бірден 55,5%-ға-8,4 мың адамға дейін өскен. Бұл еліміздегі жұмыссыз жастардың жалпы санының 11%-ы, - деп мәлімдеді сарапшылар.

Өзгелердің жаңалығы