Еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы анықталды

19 Қараша 2021, 20:17
835
Бөлісу:
Еліміздің ең үздік олимпиадалық командасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің базасында ұйымдастылып, республика бойынша 180-нен астам дарынды оқушы үздік атақ үшін бақ сынады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасы еліміздің үздік олимпиадалық командасы атағын иеленді.

Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша NIS оқушылары 4 алтын, 3 күміс және 7 қола медальмен марапатталды.

Мектеп рейтингінде Ақтөбе қаласының NIS командасы екінші орынды иеленсе, елордадағы физика-математика бағытындағы мектептің оқушылары қола жүлдені жеңіп алды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері үздік отандық жоғары оқу орындарының білім гранттары мен жеңілдіктеріне ие болды.

Президенттік олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы тарапынан 2008 жылдан бері өткізіліп келеді, байқауға 11-12 сынып оқушылары 4 пән бойынша – математика, физика, химия және биологиядан қатысады.

Өзгелердің жаңалығы