Еліміздің екі қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

10 Желтоқсан 2020, 02:12
980
Бөлісу:
Еліміздің екі қаласында қолайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы айтты.

10 желтоқсан күні Ақтөбе және Шымкент қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Өзгелердің жаңалығы