Еліміздің екі қаласында ауа ластануы мүмкін

15 Желтоқсан 2020, 07:54
1810
Бөлісу:
Еліміздің екі қаласында ауа ластануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 15 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің екі қаласында - Ақтөбе мен Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы