Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады

23 Мамыр 2019, 14:58
1631
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады.

24 мамырда Қостанай облысының оңтүстік-батысынан, батыстан жел соғады. Сондай-ақ түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жел соғуы ықтимал. Кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

"24 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде 3 градус үсік сақталады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен қатар, 24-25 мамырда Солтүстік-Қазақстан облысында кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, 25 мамырда кей жерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 24 мамырда екпіні 23-28 м/с қатты жел күтіледі, кей жерде 30 м/с және одан аса күтіледі.

24-25 мамырда Ақмола облысында кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, 25 мамырда кей жерде бұршақ жауады. 24 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз территорияның басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында 24 мамыр күні күндіз, тәулік бойы 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 мамырда кей уақытта 25 м/с жетеді. 25 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90%.

Көкшетау қаласында 24 мамыр күні тәулік бойы, түнде 25 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 24 мамырда кей уақытта 23 м/с жететін жел соғады. 25 мамырда найзағай, бұршақ күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90 %.

Өзгелердің жаңалығы