Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

31 Желтоқсан 2020, 08:05
1526
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы ауа сапасының метеорологиялық ахуалы туралы мәлім етті.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсан күні Шымкент, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның өзге шаһарларында ауаның ластануы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы