Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ыстық болады

2 Тамыз 2021, 12:57
1120
Бөлісу:
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Онда әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40 градус, кей жерде 43°С-қа дейін. 

Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді. 

Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін ыстық болады.


Өзгелердің жаңалығы