Бас жаңалықтар
Еліміздің басым өңірін тұман басып, бұрқасын болады
19 Қаңтар 2021, 23:48 230

Еліміздің басым өңірін тұман басып, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

20 қаңтарда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қостанай облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

20 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Солтүстік-Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерде тұман, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерде   күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

20 қаңтарда Түркістан облысында тұман болады, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерін тұман басып, жаяу бұрқасын болады. 


Фото: дереккөз
Загрузка...