Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

13 Маусым 2019, 19:08
1485
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жариялады.

"15-17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, 15-16 маусымда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр жауып, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі", - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

14 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда.                       

Петропавлда күндіз 14 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы