Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

11 Қаңтар 2022, 08:00
993
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 11-шы қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.

ҚР басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың батысы мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ, облыстың шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының батысында жаяу бұрқасын, түнде облыстың шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында – тұман, көктайғақ. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде тұман күтіледі

Өзгелердің жаңалығы