Еліміздің әрбір 5-ші шаруа қожалығын әйел басқарады

3 Қараша 2021, 16:07
960
Бөлісу:
Еліміздің әрбір 5-ші шаруа қожалығын әйел басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингінде айтты.

Ауылда қанша әйел жұмыс істейді. Алдын ала статистикалық мәліметтер бойынша 3,8 млн әйелдің млн-ы еңбек етеді. Олар қайда жұмыс істейді? Олар ауыл шаруашылығы, білім беру саласы, медицина, қызмет көрсету, сауда саласында еңбек етеді. Шаруа қожалықтары туралы айтатын болсақ, агроөнеркәсіптік саласы жеке секторға атады. Әрбір 5-ші шаруа қожалығын әйел басқарады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, - деді Рамазанова.

Депутат еліміздің негізгі кірісі мұнай-газ және өнеркәсіп саласынан келсе де, Қазақстан аграрлық ел екенін айтады.

Стратегиялық және географиялық тұрғыда аграрлық ел болып есептелеміз. Бүгінде көп жүйе жұмыс істемей жатқанда, экономиканы әртараптандырудан құтылуға болмайтынына көз жеткіздік. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік назары ауыл шаруашылығына ауып отыр. Қазақстан 17 тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға қосылды. Оның 9-ы тәкелей экологияны жақсартуға бағытталған, - деді депутат.

Оның айтуынша, экология ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізуді білдіреді.

Осы орайда Ауыл әйелдерінің форумын өткізудің маңызы зор. Себебі осы алаңда ауыл әйелдері өсудің қозғаушы күшіне ие болады,- деді Рамазанова.

Айта кетейік, елордада 5 қараша күні Ауыл әйелдерінің IV форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы